09.01.2008, 18:50 2898

Қырғызстан Республикасында 2007 жылы 400-ден астам рұқсат етілмеген митинг өткізілген

Қырғызстан Республикасында 2007 жылы 400-ден астам рұқсат етілмеген митинг өткізілген

Бішкек. 9-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан Республикасының құқық қорғау органдары 2007 жылы 400-ден астам рұқсат етілмеген наразылық шараларын тіркеген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күш құрылымдарының ақпараттарына сүйенсек, наразылық шараларының басым бөлігі Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында өткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылы республика оппозициясы бірнеше рет мыңдаған адамның қатысуымен акциялар өткізген, олардың бірі сәуір айында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің арнайы құралдар қолдану арқылы қаптаған жұртты қуып таратуымен аяқталған болатын.

Осыдан кейін бірнеше ай өткен соң Бішкектің қалалық кенеш (кеңес) депутаттары митингілер мен демонстрациялар өткізудің жаңа ережесін қабылдаған. Нәтижесінде республика астанасында шерулер мен пикеттер өткізуге рұқсат етілетін тек үш орын ғана белгіленген болатын. Жоспарланып отырған іс-шараны өткізу туралы өтініш тиісті органдарға оны бастаудан 10 күн бұрын берілуге тиіс.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны