14.03.2007, 16:12 3344

Қырғызстан ВИЧ індетін тексеруден жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту тәртібін енгізді

БІШКЕК. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қырғызстанда ВИЧ індетіне қатысты міндетті медициналық тексеруден өтуден әдейі жалтарған шетелдіктерді әкімшілік жауапқа тарту тәртібі енгізілді. Қырғызстан Республикасының Икімшілік жауапкершілік туралы Кодексіне толықтырулар енгізу туралы заңға президент Құрманбек Бакиев қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, осы заңның әсері аясына сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар да жатады.

Бүгінде Қырғызстанда ВИЧ індетін жұқтырған 1 мыңнан астам адам тіркелген, олардың 10 пайыздайы - шетелдіктер. Үштен бірге жуығы Ош қаласында тіркелген. ВИЧ індетін жұқтырған Қырғызстандықтардың 74 пайызы - еркектер, 26 пайызы - әйелдер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны