29.02.2008, 10:53 776

Қырғызстанда апат салдарынан Тоқтағұл ГЭС генераторы өшірілді

Қырғызстанда апат салдарынан Тоқтағұл ГЭС генераторы өшірілді

Бішкек. 29-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бейсенбі күні апат салдарынан Тоқтағұл ГЭС генераторы өшірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның "Электр станциялары" ААҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, республикада осыған байланысты Шу облысында 400 МВт/сағат шектеу енгізілген (елдегі бүкіл энергия қуатының 10%).

Қазіргі уақытта жөндеу қызметкерлері авариялық жағдайдың салдарын жойып жатыр. Станцияның бұрынғы режимі бүгін таңертең қалпына келеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны