19.06.2008, 17:21 2623

Қырғызстанда бюджеттің шығыс бөлігі 20%-ға қысқартылады

Қырғызстанда бюджеттің шығыс бөлігі 20%-ға қысқартылады

Бішкек. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бюджеттің шығыс бөлігі 20%-ға қысқартылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шара жайында Қаржы министрлігі бастама көтеріп, парламентке тиісті заң жобасын жолдады.

Осы мәселе бойынша Жогорку кенеште сөйлеген қаржы министрі Тажикан Калимбетовтың хабарлауынша, 2008 жылдың 5 айында республикалық бюджетке түскен кіріс (арнаулы қаржысыз) 13,2 млрд сом немесе жоспарлы көрсеткіштің 101,3% құрады. Жоспардан тыс қосымша 170,8 млн сом түсіп, 2007 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кіріс базасы 49,4%-ға (4,3 млрд сом) өсті.

Ал шығыс бөлігі 16,3 млрд сом немесе жоспарлы көлемнің 95,6% деңгейінде орындалды. Ағымдағы жылдың 5 айындағы 14,9 млрд сом түсім мен 16,3 млрд сом көлеміндегі шығыстар арасындағы қаржылық айырмашылық 1,5 млрд сомға жеткен.

Оны қысқарту және одан әрі өсірмеу үшін бюджет шығындарын 20%-ға қысқарту қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны