28.09.2007, 11:32 1827

Қырғызстанда депутаттыққа үміткерлерге жаңа талап қойылатын болады

Қырғызстанда депутаттыққа үміткерлерге жаңа талап қойылатын болады


Бішкек. 28-қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" – Қырғызстанда саяси партиялардан парламент депутаттығына үміткерлер тұлғаларға жаңа талап қойылатын болады. Ол негізінен Жогорку Кенештің ұлттық құрамын кеңйтуге, парламенттегі әйелдер мен жастардың санын арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан Республикасының президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Саяси партиялардан үміткерлер тізіміне міндетті түрде бір жыныстылар 70 пайыздан аспауы керек, жасы 35-тен аспаған тұлғалар саны 15 %-дан кем болмауы керек және әртүрлі ұлт өкілдері болып табылатын азаматтар саны да 15 %-дан кем болмауы керек", - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Шу облысына жасаған жұмыс сапары барысында. Қырғыз басшысының пайымдауынша, жаңа талаптар сайлау туралы жаңа Кодексте көрініс табатын болады.

Ел басшысы референдумда халық Конституцияның жаңа мәтінін құп көрсе, республика парламенті толығымен саяси партиялардың өкілдігі негізінде құрылатын болады. "Мұны біз соңғы сайлауда өзінің жаман қырынан көрінген трайбализмнен, мекеншілдіктен арылу үшін істеп отырмыз", - деп атап өтті президент.

Сонымен бірге, Құрманбек Бакиев қырғызстандықтарды саяси пікірталастарды бір жағына ысырып қойып, экономикалық мәселелермен айналысуға шақырды.

Құрманбек Бакиевтың Шу облысына жұмыс сапары 26 қыркүйек күні басталған және кеше де өз жалғасын тапты.

Бұрын хабарланғандай, Қырғызстан Конституциясының жаңа мәтінін және сайлау туралы жаңа Кодексті бекіту бойынша референдум республикада 2007 жылдың 21 қазаны күні өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны