15.08.2008, 10:51 1327

Қырғызстанда қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды

Қырғызстанда қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды

Бішкек. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда №16 қатаң тәртіптегі колониядағы көтеріліс кезінде Қырғызстанның Иділет министрлігінің Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының екі қызметкерін өлтірген басты ұйымдастырушы қайтыс болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік басқарманың хабарлауынша, қайтыс болған 1965 жылғы Қадырбек Ибдішев Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 97-ші бабы бойынша кісі өлтіргені үшін №16 қатаң тәртіптегі колонияда өмір бойы қамауда отыруға жаза жүктеген болатын.

"Кеше кешке № 16 түзету мекемесінде қамаудағылардың жаппай бағынбаушылыққа бару әрекеті жасалды. Тәртіпсіздіктер кезінде Қ.Ибдішев отряд бастығы мен колония бастығының көмекшісін пышақпен жарақаттау салдарынан аталған екі қызметкер қайтыс болды", - деп хабарлайды мекеме.

Төтенше оқиғадан кейін абақтыға арнаулы бөлімшелер енгізіліп, оқиға орнына Қырғызстанның Иділет министрлігінің Мемлекеттік жазаны атқару басқармасының басшылығы мен Иділет министрінің орынбасары Сергей Зубов келді.

"Абақтыда тазарту жүргізіліп, 40 тұтқын Бішкектегі 1-ші тергеу изоляторына жіберілді", - деп хабарлайды мекеме. Қызметкерлердің өлім дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Елдегі тергеу абақтылары мен түрмелері күшейтілген күзетке көшірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны