04.07.2007, 12:37 2801

Қырғызстанда контрабандалық етпен Қазақстан азаматы ұсталды

БІШКЕК. 4-шілде. Kazakhstan Today. Қырғызстанда 4 тонна контрабандалық етпен Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметінше, 3-шілдеде Чу облыстық ІІБ мен Иссыката аудандық ІІБ лауазымдық қылмыстармен күрес бөлімінің қызметкерлері "Трудовик" кеден бекетінде Қазақстан азаматы айдаған "Даймлер-Бенц" көлігін ұстады. Ол Қырғызстаннан Қазақстанға бет алған.

Тексеру кезінде автокөліктің тоңазытқышынан 4 тонна сиыр еті табылды. "Жүк иесі ет алып өтуге арналған құжаттарын көрсете алмады", - дейді тәртіп сақшылары. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны