03.06.2008, 18:21 2839

Қырғызстанда мемлекеттік қорғау қызметін ел президентінің туған інісі басқарады

Қырғызстанда мемлекеттік қорғау қызметін ел президентінің туған інісі басқарады

Бішкек. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда мемлекеттік қорғау қызметін ел президентінің туған інісі Жаныбек Бакиев басқаратын болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан республикасы президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, бұл туралы жарлыққа президент Құрманбек Бакиев қол қойды. Президенттің мемлекеттік кеңесшісі Тоқан Мамытов мемлекеттік қорғау қызметінің жаңа бастығын таныстырып, "бұл қызметке қарастырылған үміткер Ж. Бакиевтің іскерлік және кәсіби қасиеті ескерілді", деп атап өтті ол.

Мемлекеттік кеңесші атап өткеніндей, көптеген мемлекеттердің басшылары мен үкіметтің қауіпсіздігі олардың туған туыстарына немесе жақындатылған тұлғаларға сеніп тапсырылатындығы белгілі. Сондықтан мұндай жағдай қалыпты құбылыс болып қабылданады.

"Ж. Бакиевтың қызмет жолы милицияның қарапайым қызметкері ретінде басталды, кейін республиканың құқық қорғау органдарында барлық қызмет орындарын атқарды. Оның қылмыстық іздестіру жолындағы тәжірибесі үлкен. Ол сондай-ақ, 1999-2000 жылдары болған әскери Баткен оқиғаларына қатысты. Ж. Бакиев сондай-ақ, елдің қауіпсіздік органдарында да қызмет атқарды", - деп хабарлайды мемлекеттік кеңесшісі.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Ж. Бакиев 1858 жылы дүниеге келіп, 1980 жылы СССР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірді, заң ғылымының кандидаты, үйленген, төрт баласы бар. 2000-2001 жылдары Қырғызстан Республикасының есірткімен күрес жөніндегі басқармасының бастығы қызметін, 2001-2004 жылдары Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің көліктегі ішкі істер басқармасының бастығы, 2006 жылдан бастап Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

"Қауіпсіздік және құқықтық тәртіп"атты қоғамдық қорын басқарады, КСРО-ның, Қырғызстан Республикасының және шетелдердің 28 орденімен және медалдерімен марапатталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны