21.05.2007, 18:35 3166

Қырғызстанда мемлекеттік сатып алу жөніндегі Орталық Азиялық форум өтеді

БІШКЕК. 21 - мамыр. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Ыстықкөл жағалауында 22 - 24 мамырда Орталық Азия елдерінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі үшінші аймақтық форумы өтеді. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне "Будущее без коррупции - Трансперенси интернешнл Кыргызстан" халықаралық ұйымының баспасөз қызметінен хабарлады.

Ұйымның ақпараттарына сүйенсек, форумның мақсаты - мемлекеттік сатып алу жүйесін одан әрі жетілдіру үшін идеялар мен тәжірибе алмасу үшін тұғырнама құру, сонымен қатар мемлекеттік қажеттілік үшін тауарлар мен қызметтерді сатып алу барысында бюджеттік шығынды азайту және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу жөніндегі тиімді шараларды талқылау болып табылады.

Бас қосуға Орталық Азия елдерінің өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде. Форумға қатысушылар аймақтағы мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасып, әлемдік үздік тәжірибелер мен батыс елдерінің тәжірибелерін, сонымен қатар мемлекеттік қажеттілік үшін тауарлар мен қызмет түрлерін сатып алу барысында бюджеттік шығынды азайту және сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге қатысты шараларды талқылайды.

Форумға қатысушылар жұмыс нәтижесі бойынша мемлекеттік сатып алу жүйесі мен заңдық базасын жетілдіру жөніндегі ұсыныс әзірлемек. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, форум мемлекеттік сатып алу жүйесінде реформа жүргізуге түрткі болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны