23.10.2009, 12:04 1607

Қырғызстанда министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды

Қырғызстанда министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды

Бішкек. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қырғызстанда министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қырғызстан президентінің жарлықтарымен кеше және бүгін 14 министьрлік пен 7 мемлекеттік агенттіктің басшылары тағайындалды. Бірінші вице-премьер-министрі лауазымына бұрынғы экономикалық даму және сауда министрі Ақылбек Жапаров, вице-премьер-министр лауазымына Илеуметтік қордың бұрынғы жетекшісі Тажикан Калимбетова тағайындалды. Үкімет аппаратының жетекшісі қызметіне Ош облысының бұрынғы губернаторы Аалы Карашев тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны