18.09.2007, 11:33 1596

Қырғызстанда оппозициядағылардың бірі жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалды

Қырғызстанда оппозициядағылардың бірі жоғары мемлекеттік қызметке тағайындалды.

Бішкек. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Экс-премьер және оппозицияның жетекшісі Феликс Куловтың жақтастарының бірі - милиция генерал-майоры Өмірбек Суваналиев Қырғызстан президенті әкімшілігінің қорғаныс және қауіпсіздік істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Милиция генерал-майоры Өмірбек Суваналиев Қырғызстан президенті әкімшілігінің қорғаныс және қауіпсіздік істері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қызметтің нақтылауынша, тиісті жарлыққа президент Құрманбек Бакиев қол қойған.

Ө. Суваналиев бүгінге дейін оппозицияның жетекшісі Феликс Куловтың жақтастарының бірі болған. Осы жылдың сәуір айында Ө. Суваналиев "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" біріккен майданының штабын басқарды, бұл қозғалыс президенттің қызметтен кетуі мен конституциялық реформалар жүргізуді талап етіп, сан мыңдаған адамдардың қатысуымен наразылық шараларын өткізген болатын. Сәуір оқиғаларынан кейін Ө. Суваналиевтің үстінен Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 233 бабы (жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Алайда, 14 қыркүйекте Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасы "айып дәлелденбеуге байланысты" қылмыстық істі тексеру тоқтатылғанын жариялады.

Ө. Суваналиев сөйтіп, қырғыз оппозициясынан жоғары мемлекеттік қызметке келісімін берген тағы бір адамға айналды. Бұған дейін оппозиция қатарынан шенеуніктер легіне қазіргі премьер-министр Алмазбек Атамбаев пен басқа да кейбір саяси қайраткерлер өткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны