30.06.2008, 10:39 2931

Қырғызстанда "пара қорын" ұйымдастыру жоспарланып отыр

Қырғызстанда "пара қорын" ұйымдастыру жоспарланып отыр

Бішкек. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда "пара қорын" ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл туралы 27 маусымда баспасөз мәслихатында Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің қайтадан құрылған сыбайлас жемқорлықпен күрес басқармасының бастығы Манас Акматбеков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Егер шенеунік өз қызметі үшін 100 мың АҚШ долларынан артық сұраса, біздің оны қылмыс үстінде қолға түсіру үшін осынша қаражат ұсынып, алып жатқан кезінде қолға түсіретіндей мүмкіндігіміз жоқ", - деп мәлімдеді М. Акматбеков.

Осы себепті ІІМ өкілі Қырғызстанның Қаржы министрлігінде осындай қор құруды ұсынады. Жоғары шенді қылмыскерлерді ұстау үшін сол жерден қажетті қаражат алуға мүмкіндік туып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны