08.02.2007, 18:34 2975

Қырғызстанда үкіметтің жаңа құрылымындағы барлық министрлер тағайындалды

БІШКЕК. 8-ақпан. Kazakhstan Today. Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің жарлығымен үкіметтің жаңа құрылымындағы барлық министрлер тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі осы ел президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қ.Бакиев Қырғызстан Республикасының сыртқы істер министрі лауазымына Эднан Карабаевты тағайындады. Бұған дейін ол Қырғызстан-Ресей Славян университетінің проректоры және кафедра меңгерушісі болған. Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрінің сөмкесі Игорь Чудиновқа бұйырды, ол "Қырғызгаз" ААҚ-ның бұрынғы бас директоры.

Қырғызстанның ауылшаруашылығы, су шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрлігін Талант Узакбаев басқаратын болды, ол бұған дейін Қырғызстан ауылшаруашылығы министрлігінің мал дәрігерлік мемлекеттік департаментінің директоры болған. Қырғызстанның өнеркәсіп, сауда және туризм министрлігінің бұрынғы статс-хатшысы Сабырбек Молдокулов экономикалық даму және сауда министрі болып бекітілді. Сонымен бірге бүгін белгілі болғанындай, Жаныш Рустенбеков Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрі лауазымын сақтап қалды.

Сөйтіп қазіргі жағдаймен үкіметте тек бірнеше мемлекеттік агенттіктің ғана басшылық қызметтері иесіз қалып отыр. Қырғызстанның жаңа үкіметінің құрылымына 14 министрлік, 5 мемлекеттік комитет, 12 мемлекеттік агенттік кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны