04.04.2008, 17:47 3187

Қырғызстандағы газ бағасы жыл соңына дейін бұрынғы деңгейінде қалады

Қырғызстандағы газ бағасы жыл соңына дейін бұрынғы деңгейінде қалады

Бішкек. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстандағы табиғи газ бағасы 2008 жылдың 31 желтоқсанына дейін бұрынғы деңгейінде қалады. Бұл туралы Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында "Қырғызгаз" ААҚ газ шаруашылығы басқармасының Бішкек бөлімінің бастығы Илішер Бейшенәлиев хабарлады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Оның айтуынша, Қырғызстан мен Өзбекстан арасында келісімшарт жасалған. Оған сәйкес өзбек жағы Қырғызстан үшін табиғи газдың 1 куб метрін 145 АҚШ долларынан асырмау жөнінде міндеттеме алған. Бұл сома Қырғызстан халқы үшін тасымалдау және өзге де шығындарды қоса есептегенде 202 АҚШ долларын құрайды.

И. Бейшенәлиев дүниежүзіндегі газдың нарықтық бағысының өсу үрдісін атай отырып, Қырғызстан мен Өзбекстан арасындағы келісімшарттың қатаң екенін және өзбек жағы біздің көршіміз болғандықтан және шығындарды есептей отырып, бізге Еуропадағы бағамен сата алмайды. Алайда, аталмыш келісімшарт мерзімі үстіміздегі жылдың соңында бітеді. Сарапшылардың болжамдарына сүйенсек, газ бағасы өседі, бірақ, айтарлықтай емес. Сонымен қатар, И. Бейшенәлиев "Қырғызгазда" болып жатқан проблемалар жайында әңгімеледі. Оның мәліметтеріне сүйенсек, импортталатын табиғи газдың 68 пайызын Қырғызстан астанасының тұрғындары мен өнеркәсіп нысандары пайдаланады. Халықтың дебиторлық қарызы Бішкек бойынша 2008 жылдың 1 сәуірінде 149 млн 487 мың сомды құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны