03.07.2008, 15:59 1377

Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберілетін болды

Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберілетін болды

Бішкек. 3 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберілетін болды. Бұл туралы бүгін Астананың мерейтойына арналған баспасөз мәслихатында Қазақстанның Қырғызстандағы елшісінің көмекшісі Боранбек Илбергенов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Үш күн бұрын ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Дүйсенбай Тұрғанов пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев бастаған делегация Бішкекке келген. Делегация өкілдері Қырғызстанның премьер-министрі Игорь Чудиновпен кездесті. Келіссөздерден кейінгі кездесуде Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберуді жандандыру жөнінде шешім қабылданды", - деп хабарлады Б. Илбергенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны