20.05.2010, 16:53 3942

Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберу жанданған жоқ

Қырғызстаннан Қазақстанға су жіберу жанданған жоқ

Тараз. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Kazakhstan Today тілшісі Тараздағы Талас өзенінің бұрынғы жағажайында болып қайтты, оның хабарлауынша, өзенге әлі су жіберілген жоқ.

Бұл дерек бойынша ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Жамбыл облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Мұрат Асылбековтың кеше Kazakhstan Today тілшісіне хабарлауынша, көкөніс дақылдары мен бақшалық дақылдар егілген 100 мың гектардан астам суармалы жерлер үш күннен бері сусыз қалып отыр. Бұл алқаптар Талас және Шу өзендерінен нәр алады.

Еске сала кетейік, Талас өзені Қырғызстанда, Қазақстанмен арадағы шекара маңында орналасқан Киров су қоймасынан бастау алады және Тараз қаласы арқылы ағып өтеді, егін суаратын су содан алынады.

Ал Шу өзені Қырғызстан аумағында орналасқан Чумыш гидроторабынан басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны