18.02.2015, 17:14 4058

Қырғызстаннан келген "жеӊгетай" ұсталды - Алматы полициясы

Алматыда "жеӊгетайлықты" кәсіп еткен Қырғызстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan Today - Алматыда "жеӊгетайлықты" кәсіп еткен Қырғызстан азаматшасы ұсталды. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасыныӊ хабарлауынша, 23 жастағы бойжеткен Жансүгіров көшесініӊ бойындағы қонақ үйлердіӊ бірінде жезөкшелер ордасыныӊ жұмысын үйлестіріп келген, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қазір азаматшаға қарсы ҚР ҚК 309-бабы бойынша (жезөкшелер ордасын ұйымдастыру, жезөкшелікпен айналысуды ұйымдастыру, жеӊгетайлық) тергеу жұмыстары қозғалды", - деді ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасыныӊ басшысы Таӊат Назанов.

Оныӊ айтуынша, қоғамдық орындарда жыныстық қатынас қызметін ұсынған бойжеткендерге қарсы қалалық полиция кешенді жоспар құрған.

"Өткен жылы 96 қонақ үйде жезөкшелердіӊ қызметі ұсынылатыны анықталды. Олардыӊ иелеріне 26 млн теӊге көлемінде айыппұл салынды. Біздіӊ ұсынысымызбен 9 қонақ үйдіӊ жұмысы тоқтатылды", - деп қорытындылады Т.Назанов.

2014 жылы Алматы полициясы жезөкшелікті ұйымдастыру бойынша 100 қылмысты әшкереледі. Оныӊ ішінде 2 жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған жас жеткіншектер саудаланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны