10.04.2008, 17:21 3084

Қырғызстанның парламенттік комитеті Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Қырғызстанның парламенттік комитеті Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бішкек. 10 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан парламентінің халықаралық істер және парламентаралық ынтымақтастық жөніндегі комитеті "2001 жылдың 15 қазанында Астана қаласында қол қойылған Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, заң жобасы бойынша өткен комитет отырысында Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Таалайбек Қыдыров сөз сөйлеген. Ол заң жобасының нормативтік-құқықтық негіздемесіне түсініктеме беріп, жоғарыда аталған келісімді бекітудің маңыздылығын атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара бойынша дау туғызып отырған екі жер қалды. Депутат Айнұр Кенжебаеваның айтуынша, бұл мәселелерді шешу үшін шекараны заңдастыру қажет. Ал ол үшін келісім бекітілуі тиіс. Бұл Қырғызстанға даулы жерлердің мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Талқылау аяқталғаннан кейін комитет көпшілік дауыспен заң жобасын мақұлдау, оны парламенттің талқылауына енгізу және үкіметке екі даулы жер бойынша келісімге өзгеріс енгізу туралы Қазақстан жағымен келіссөздер жүргізуге кеңес беру жөнінде шешім шығарды.

Бірінші жер телімі - Талас облысының Қарабура ауданының "Көксай" деген жер. Бұл жер Қырғызстан аумағына сұғына еніп жатыр әрі жергілікті тұрғындар онда жұмыс істейді. Екінші жер Бішкек - Торугарт айналма жолында, Шу облысының Есікқатын ауданының Достық ауылының маңында орналасқан. Бұл жерде Қазақстанның екі жанармай құю бекеті бар. Үкіметке осы екі жер телімі бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара туралы келісімге өзгерістер енгізу жөнінде Қазақстан жағымен келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны