08.03.2017, 14:46 4669

Қырымбек Көшербаев қыз-келіншектерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр еліндегі әйелдер қауымыныӊ белгілі өкілдерімен кездесіп, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

Қызылорда. 8 наурыз. Kazakhstan Today - 8 наурыз мерекесі қарсаӊында Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр еліндегі әйелдер қауымыныӊ белгілі өкілдерімен кездесіп, оларды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Икім аймақтағы маӊызды салалардыӊ басы-қасында қыз-келіншектердіӊ жүргенін айрықша атап өтті.

- Соӊғы жылдардағы статистикаға жүгінсек, бүгінгі таӊда педагогтардыӊ 73 пайызы, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерініӊ 87 пайызы әйелдер. Барлық бюджеттік сала қызметкерлерініӊ 60 пайызы қыз-келіншектердіӊ үлесінде. Облыс экономикасыныӊ маӊызды саласы шағын және орта бизнесте - 80 пайыз әйелдер. Бүгінгі кездесуге көпбалалы аналар, ауыл еӊбеккерлері, мұғалімдер, дәрігерлер, бір сөзбен айтқанда еліміздіӊ тәуелсіздігін нығайтуға бар күш-жігерін салып еӊбек етіп жүрген құрметті қыз-келіншектер, аяулы арулар жиналып отыр. Облыстағы барлық жетістіктерге сіздердіӊ әрқайсыларыӊыздыӊ қосқан үлестеріӊіз зор,- деді облыс әкімі.

Мерекеге орай Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Мерекелік шара қазақстандық эстрада жұлдыздарыныӊ қатысуымен өткен концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны