02.05.2017, 12:40 4097

Қырымбек Көшербаев: "Мемлекет басшысыныӊ мақаласын мемлекеттік бағдарлама деп атауға болады"

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде "Тәуелсіз Қазақстан этносаясатыныӊ қалыптасуы" тақырыбында дәріс оқып, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласыныӊ негізгі мән-мағынасын егжей-тегжей түсіндіріп берді.

Қызылорда. 2 мамыр. Kazakhstan Today - 28 сәуір күні Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Достық үйінде "Тәуелсіз Қазақстан этносаясатыныӊ қалыптасуы" тақырыбында дәріс оқып, Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ "Егемен Қазақстан" газетінде жарық көрген "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласыныӊ негізгі мән-мағынасын егжей-тегжей түсіндіріп берді.

- Мақалада көтерілген әрбір мәселе әр қазақтыӊ, әрбір қазақстандықтыӊ жүрегіне жол тапқан кемел ойдан туған кемеӊгер шешім екені даусыз. Бұл - қарапайым мақала емес, халықты рухани байыту мақсатында жасалған маӊызды қадам. Халқымыздыӊ сан ғасырлық тарихы бар ұлттық құндылықтарын бүгінгі заман талабымен үндестіре отырып жаӊғыртуды көздейтін мемлекеттік деӊгейдегі бағдарлама деп айтуымызға әбден болады,-деп атап өтті Қырымбек Көшербаев.

Аймақ басшысыныӊ айтуынша, тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарында дербес мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақстан өз экономикасын құрып, дамыған елдердіӊ қатарынан көрінуге барынша көӊіл бөлді.

- Ендігі кезекте бізге рухани-мәдени салада жаӊғыру қажет. Жаһандану заманында әрбір ұлттыӊ өзін өзі тануға, өз келбетін нақтылауға ұмтылуы - заӊдылық. Сондықтан, Елбасы мақаласында назарымызды ұлттық кодқа аудартты: "Біріншіден - ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаӊғыру болмайды. Екіншіден - алға басу үшін ұлттыӊ дамуына кедергі болатын өткенніӊ кертартпа тұстарынан бас тарту керек",- деп қорытындылады сөзін облыс әкімі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны