18.07.2013, 12:39 3171

Қытай ғалымдары оразаның денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді

Адамның тәні мен жанына оразаның тигізер пайдасы жайлы көп айтылып жүр. Бұл тақырып, әсіресе, қасиетті Рамазан айында жиі қозғалады. Қытай ғалымдары ашығудың адам іш құрылысының жұмысын жақсартатынына әрі адам өмірін ұзартатынына көз жетікізіп отыр, деп жазды ҚазАқпарат.

Астана. 18-шілде. Kazakhstan Today - Қытай ғалымдары оразаның денсаулыққа пайдалы екенін дәлелдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Адамның тәні мен жанына оразаның тигізер пайдасы жайлы көп айтылып жүр. Бұл тақырып, әсіресе, қасиетті Рамазан айында жиі қозғалады. Қытай ғалымдары ашығудың адам іш құрылысының жұмысын жақсартатынына әрі адам өмірін ұзартатынына көз жетікізіп отыр, деп жазды ҚазАқпарат.

Шанхай көлік университетінің зерттеушілері ұзақ жылдар бойы тышқанға жүргізген тәжірибеден кейін осындай тұжырымға келді.

Тәжірибе жүргізілген кезде кеміргіштерді екі топқа бөлген. Оның бір тобын ұзақ уақыт аш қалдырып, келесі тобын уақытылы тамақтандырған көрінеді.

muslim.kz сайтының жазуынша, биологтар ашыққан тышқандардың іш құрылысындағы микрофлораның көптеген айырмашылығын байқаған. Олардың бойынан лактококко және десульфовибрион деп аталатын аса қауіпті микробтар аса көп байқала қоймаған. Есесіне, ағзаға пайдалы бифидобактерия және лактобацилл атты микробтар көбейген.

Сондай-ақ, ғалымдар ашыққан тышқандардың 20 пайызының өзге кеміргіштерге қарағанда ұзақ өмір сүргенін анықтады.

Биологтар бұл ғажайып құбылысты бактерия құрамындағы өзгерістердің зат алмасу процесін әрі иммундық жүйені жақсартатындығымен түсіндірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны