11.06.2018, 15:01 5787

Қытайда Қазақстан-Қытай мәдени-білім беру орталығы ашылды

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де соӊғы үш жыл ішінде Қытайдан келген 60-тан астам студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алса, біздіӊ студенттер мен магистранттар Күншығыс еліндегі Орталық Минзу университеті, Шет тілдер университеті, Аньшань университетіне оқуға барып қайтады. Сондай-ақ университет Қытайдан жыл сайын профессорлар мен оқытушылар шақыруды дәстүрге айналдырған.

Астана. 11 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылы 7 маусымда Southwest университетінде (Оӊтүстік-Батыс университеті, Чунцин қ., Қытай Халық Республикасы) Қазақстан-Қытай мәдени - білім беру орталығы салтанатты түрде ашылып, тұсаукесер рәсімі өтті. Орталықтыӊ ашылуына Еуразия ұлттық университеті ұйтқы болып отыр.

Орталықтыӊ салтанатты ашылуы онлайн жүйесі арқылы көрсетіліп, оған Еуразия ұлттық университетініӊ оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ Қытайдағы Southwest университетініӊ өкілдері қатысты.

Ашылу салтанатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініӊ ректоры Ерлан Сыдықов, Southwest университетініӊ ректоры Жан Вейго, ЕҰУ-діӊ Бірінші проректоры Исемгүл Молдажанова, Southwest университетініӊ ғылым жөніндегі проректоры Жан Гунф, ЕҰУ филология факультетініӊ деканы Шолпан Жарқынбекова, Southwest университеті шет тілдер факультетініӊ деканы Лю Чэню және басқалар сөз сөйледі.

Бүгінгі таӊда Еуразия ұлттық университетініӊ Қытайдыӊ жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы интернационалдандыруды дамытудыӊ басым бағыттарыныӊ бірі. Арадағы бұл қарым-қатынасқа 10 жылдан астам уақыт болды. Осы мезгіл ішінде Еуразия ұлттық университеті ынтымақтастықтыӊ бағыттарын нығайтып, өрісін кеӊейте түсті. Сондықтан, ЕҰУ қазір Қытайдыӊ 17 жоғары оқу орындарымен (Сиань шет тілдер университеті, Минзу университеті, Шанхай университеті және т.б). тығыз байланыста жұмыс істейді. Негізгі бағыттары - академиялық ұтқырлық, ғылыми-зерттеу қызметі, профессор-оқытушылар алмасу, қос диплом бағдарламасы, т.б.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де соӊғы үш жыл ішінде Қытайдан келген 60-тан астам студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алса, біздіӊ студенттер мен магистранттар Күншығыс еліндегі Орталық Минзу университеті, Шет тілдер университеті, Аньшань университетіне оқуға барып қайтады. Сондай-ақ университет Қытайдан жыл сайын профессорлар мен оқытушылар шақыруды дәстүрге айналдырған.

2014 жылғы ЖОО арасындағы келісімдер аясында Шанхай университетімен ("Қытай филологиясы" (бакалавриат) бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазір ЕҰУ-діӊ 12 студенті осы бағдарлама бойынша білім алуда.

Екі елдіӊ ЖОО арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ЕҰУ жанындағы Конфуций институты мен Қытай филология кафедрасы және Шығыстану кафедрасы елеулі үлес қосуда.

Қосымша ақпарат:

Қытай Халық Республикасыныӊ жетекші оқу орны Оӊтүстік - Батыс университетініӊ 80 000 студенті, 6000 профессор-оқытушылар құрамы бар. Қала халқы 40 миллион адам. Чунцин қаласы.

Жаӊа ашылатын орталыққа Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ -діӊ практикалық қазақ тілі кафедрасыныӊ оқытушылары Қазақ тілі пәнінен сабақ береді және сол ашылғалы отырған орталықтыӊ ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Практикалық қазақ тілі кафедрасы орталыққа қазақ тілі мамандарын жіберіп, қажетті оқу-әдістемелік еӊбектермен және көрнекі құралдармен қамтамсыз етпек.

Southwest University-ныӊ ресми сайты - SWU.com.cn

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны