19.05.2008, 18:19 2805

Қытайда Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен қаза тапқандарға үш күндік аза тұту жарияланды

Қытайда Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен қаза тапқандарға үш күндік аза тұту жарияланды

Алматы. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қытайда елдің оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында болған жер сілкінісінен қаза тапқандардың рухына үш күндік аза тұту жарияланды, ол бүгін басталады, деп хабарлайды агенттік

"Женьминь жибао" он-лайн газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, бүгін таңертең мыңдаған қытайлықтар мен қала қонақтары Пекиннің орталық Тяньаньмэнь алаңында жиналды, онда ҚХР-ның мемлекеттік туы түсірілген. Халық жиналыстары үйінің алды мен Чжуннаньхай үкіметтік резиденциясының және басқа мекемелердің ғимараттарында да аза тұтуға орай тулар түсірілген.

Пекин Олимпиадасын ұйымдастыру комитеті елдің шығыс өңірлеріндегі Олимпиада алауының эстафетасын 3 күнге тоқтата тұруға шешім қабылдады.

Газеттің хабарлауынша, 19 мамырдағы жағдаймен жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 32 мыңнан асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны