09.03.2016, 19:21 4392

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдыӊ ісі бойынша апелляциялық сот отырысы 17 наурызда өтеді

Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айрылған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдыӊ қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді. Бүгін апелляциялық сот отырысыныӊ 17 наурызда өтетіні белгілі болды. Бұл ақпаратты оныӊ қорғаушысы Сұӊқар Нұрмағамбетов хабарлады

Астана. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Қытайда есірткі тасымалдады деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айрылған қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбайдыӊ қорғаушылары апелляциялық шағым түсірді. Бүгін апелляциялық сот отырысыныӊ 17 наурызда өтетіні белгілі болды. Бұл ақпаратты оныӊ қорғаушысы Сұӊқар Нұрмағамбетов хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Гуанчжоу қаласында өтетін жиынға қорғаушы тарап пен Ақжарқынныӊ туысқандары, ҚР СІМ өкілдері қатысады, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Қытайда заӊмен белгіленген уақыт аралығында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты шыққан сот шешіміне апелляциялық шағым түсірдік. Қорғаушы тарап Ақжарқынныӊ кінәсіздігін әлі дәлелдеуге тырысады. Алдын ала ақпарат бойынша, ҚР СІМ дипломатиялық жолдар арқылы Қытайдағы жоғарғы сот органдарына апелляциялық шағым жолдады. Шағым қаралатын күн белгіленген кезде қорғаушы тарап пен Ақжарқынныӊ туыстары Қытайға аттанамыз", - деді С.Нұрмағамбетов.

Адвокат мәселеніӊ оӊ шешімін табарына үміттеніп отыр.

Айта кетейік, былтыр наурыздыӊ 3-інде 20 жасар қазақстандық бойжеткен Ақжарқын Тұрлыбай Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оныӊ сөмкесінен тәртіп сақшылары есірткі тапты. 1 жылдан аса уақытқа созылған сот процесінен кейін Қытай соты оны өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылдады.

ҚР СІМ өкілдері Қытай мен Қазақстан арасындағы сотталғандармен алмасу бағдарламасына сәйкес оны отанына қайтару мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны