06.05.2010, 10:42 1298

Қытайдың оңтүстік-батысында дауыл мен нөсер салдарынан 23 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында дауыл мен нөсер салдарынан 23 адам қаза тапты

Алматы. 6 мамыр. Kazakhstan Today - Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чунцин муниципалитетінде бүгін таңертең ерте болған дауыл мен нөсер салдарынан 23 адам қаза тапты, тағы 161 адам жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ИТАР-ТАСС-қа сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, әсіресе Дяньцзян және Лянпин уездері қатты зардап шекті, оларда табиғи зілзала үйлер мен ауылшаруашылық алқаптарын қиратып кеткен. Лянпин уезіне келген торнадо 6 адамның өмірін жалмап, тағы 34 адам жарақаттанды. Дяньцзян уезінде нөсер мен күшті желден 17 адам қаза тауып, 127 адам жараланды.

Жергілікті үкімет зардап шеккендерге көмек көрсетуге қажетті шараларды қолдана бастады, қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны