15.02.2011, 15:35 3741

Қытайлық әйел құрсағындағы тоғыз айлық нәрестесін алдыруға мәжүбір болған

Шошқа тұмауын жұқтырған Қытайлық әйел құрсағындағы тоғыз айлық нәрестесін алдыруға мәжүбір болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Шошқа тұмауын жұқтырған Қытайлық әйел құрсағындағы тоғыз айлық нәрестесін алдыруға мәжүбір болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хунань қаласының аурудың алдын алу орталығы қала аумағында тұмаудың A (H1N1) (шошқа тұмауы) ауыр түрінің анықталғандығы туралы деректі растаған.

Орталық эпидемияның алдағы уақытта оқу орындары, бала бақшалар сияқты көпшілік орындарында жаппай таралып кету қаупін жоққа шығармай отыр.

Қытайдың ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, тұмаудың A (H1N1) түрін жұқтырған Қытайлық әйел құрсағындағы тоғыз айлық нәрестесін алдыруға мәжүбір болған.

Бұрын хабарлағанымыздай, Қазақстанда күдік туғызып, тексеруге алынған 11 жағдайда да тұмаудың A (H1N1) түрі анықталмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны