12.04.2010, 11:58 3174

Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге қосымша 4,7 млрд теңге қажет - облыс әкімі

Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге қосымша 4,7 млрд теңге қажет - облыс әкімі

Астана. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Алматы облысының Ақсу ауданындағы Қызылағаш ауылын қалпына келтіруге қосымша 4,7 млрд теңге қажет. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Икімнің мәліметінше, бүгінгі күні жөндеу және құрылыс жұмыстарына 3 млрд 100 млн теңге бөлінген. "Соның ішінде қайырымдылық көмек 1 млрд теңгеден асады, ұлттық компаниялардың қаражаты - 622 млн теңге, облыстардан келген қаражат - 870 млн теңге және үкімет бөлген 500 млн теңге", - деді С. Үмбетов.

"Жалпы алғанда қажет қаржының көлемі - 7,8 млрд теңге. Бізде бар 3,1 млрд теңгені қоса есептегенде, алдын-ала есеп бойынша қосымша 4,7 млрд теңге қажет", - деді әкім.

Осыған байланысты қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлағандай, кеше KEGOC және "Қазақтелеком" басшылығымен келіссөздер жүргізілді. "Жарықпен және байланыспен қамтамасыз ету мәселесіне келсек, ұлттық компаниялар қаржы бөлуге дайын, ондай шығын тым үлкен емес. Тиісті тапсырма болған жағдайда олар шығынның бұл бөлігін өздері жабуға дайын", - деді Б. Жәмішев.

Ал Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қызылағаш ауылындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарын жаз маусымында жұмыстарды толық аяқтау үшін қаржыландыру жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны