20.04.2017, 15:07 4889

Қызылорда қаласында Fastrackids халықаралық білім академиясыныӊ филиалы жұмыс істеуде

"Басты мақсатымыз айналамыздағы дүниені жақсарту, балаларға жаӊа мүмкіндіктер беру, олардыӊ оқуға деген құштарлығын ояту, әріқарайғы оқуға негіз қалау, олардыӊ бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту", -дейді Орталық басшысы Галина Цой.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен жылдыӊ қараша айынан бастап Қызылорда қаласында Fastrackids халықаралық білім академиясыныӊ филиалы жұмыс жасауда. Бүлдіршіндерге қызмет көрсетуші орталық бүгінде тек таӊдалған бағыт бойынша ғана мамандарды жұмысқа тартқан, ал қалған сервистік: заӊгерлік, бухгалтериялық және ақпараттық технология саласына қатысты қызметтерді Кәсіпкер палатасынан тегін алып отыр.

Орталық басшысы Галина Цой жұмысты ұйымдастыру барысында сапалы қызмет көрсеткені үшін Кәсіпкерлер палатасына алғысын білдірді. Ол Палатаныӊ қызметіне жүгіну арқылы қаржысын, уақытын үнемдегенін айтады.

Fastrackids халықаралық балалар академиясы - бұл 1,5 және одан жоғары жастағы балаларға арналған кеӊ ауқымды білім бағдарламасы. Fastrackids бұл - "қадамын алға жылдам басатын балалар" дегенді білдіреді. Аталмыш бағдарлама аясында 30 мыӊнан астам бала, әлемніӊ 52 мемлекетінде білім алуда. Fastrackids халықаралық білім академиясыныӊ бас кеӊсесі АҚШ-тағы Денвер қаласында орналасқан. Бағдарлама әлемніӊ 19 елініӊ тіліне аударылған.

Fastrackids халықаралық балалар академиясыныӊ Қазақстандағы өкілдігі 2008 жылы ашылып, бүгінде елімізде 18 қалада 28 академия жұмыс істеуде. Бағдарлама ағылшын, орыс, қазақ тілдерінде оқытылады.

Fastrackids балалар академиясы әлеуметтік маӊызы бар жоба. Оныӊ құзыреті балаларды табысты болашаққа дайындау. Академияныӊ бағдарламалары балалардыӊ шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік қабілеттерін жан жақты дамытуға бағытталған.

Қызылорда қаласындағы Fastrackids академиясы балаларды 1,5 жастан бастап қабылдап, 3 бағытта дамытады. "Басты мақсатымыз айналамыздағы дүниені жақсарту, балаларға жаӊа мүмкіндіктер беру, олардыӊ оқуға деген құштарлығын ояту, әріқарайғы оқуға негіз қалау, олардыӊ бойында көшбасшылық қасиеттерді дамыту", -дейді Орталық басшысы Галина Цой.

Ал, Fastrackids бағдарламасыныӊ артықшылығы неде? Сабақ компьютерлік бағдарламаларға негізделген, материалды игерту компьютерлік технологиялардыӊ, проектор мен интерактивті тақтаныӊ көмегімен жүзеге асырылады. Сабақта мұғалімдер мультимедиялық бейнежазбаны, дыбысты, түрлі иллюстрацияларды көрсете алады, балалар тақтадағы пәндерді, әріптерді, бейнелерді қозғалта алады. Интерактивті тақтаны қолдану балалардыӊ білімге деген құштарлығын оятады, тақырыпты тез меӊгеруіне көмектеседі, және сабақтыӊ өнімділігін арттырады. Бұл сабаққа балалар қызыға қатысады. Академияда балалар астрономия, биология, математика, Жер туралы ғылым, театр, өнер, палеонтология, қызықты химия т.б пәндерден білім алады. Одан бөлек, танымдық тәжірибелер мен эксперименттер жүргізу арқылы қоршаған ортаныӊ құрылымымен танысады. Балалар өздерін еркін ұстайды, сабақ зиг-заг түрінде өтіледі. Яғни балаға шаршауға, жалығуға жол берілмей, сабақ түрлендіріліп отырады.

Сонымен қатар Fastrackids академиясында төрт жастан бастап ағылшын тілі үйретіледі. Бұл бағдарламаныӊ артықшылығы виртуалды педагогпен жұмыс істеу, яғни интерактивті тақта таза ағылшын тілінде сөйлейді, бала естиді, көреді, ашық түсті бейнелермен жұмыс жасайды, бұл материалды игеру дәрежесін өсіреді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны