02.06.2017, 17:06 6703

Қызылорда қаласында орталық алаӊда балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

1950 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні ресми мәртебеге ие болды да, ол күн жыл сайын 1 маусымда атап өтіліп келеді. Дәстүрге сай бұл мерекеде түрлі балаларға арналған мәдени ойын-сауық фестивалдері мен концерттер, сайыстар мен байқаулар өткізіледі.

Қызылорда. 2 маусым. Kazakhstan Today - Адам өміріндегі еӊ қымбаты - баласы. Ирбір ата-ана өз баласына махаббатын, ырыс-ынтымақты, бақытты балалық шақ сыйлауға міндетті. Қоғамда бала құқығын қорғау мақсатында дүние жүзі балалар күнін атап өтеді.

Бұл меркеніӊ тарихы әлі күнге дейін нақты белгісіз. Өйткені оған себептер де көп болған. Балаларды қорғау күні 1925 жылы Женевада өткен Бүкіләлемдік конференциямен тұспа-тұс келеді. Онда да бала құқығы туралы мәселе талқыланған болатын. Сонымен бірге мереке 1 маусымда Қытайда жетім балаларға арнап өткізілген Қайық-айдаһар фестиваліне де байланысты деген пікір бар.

1950 жылы Халықаралық балаларды қорғау күні ресми мәртебеге ие болды да, ол күн жыл сайын 1 маусымда атап өтіліп келеді. Дәстүрге сай бұл мерекеде түрлі балаларға арналған мәдени ойын-сауық фестивалдері мен концерттер, сайыстар мен байқаулар өткізіледі.

Қызылорда қаласында орталық алаӊда балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Көптеген көпшілікке арналған, ойын-сауық, мәдени іс-шаралар балалар үшін өткізілді. Осы іс-шараларға сонымен бірге балалардыӊ ата-аналары, туыстары, жақын адамдары да қатысты. Оныӊ ішінде Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері де "Балаларды судағы төтенше жағдайдан қорғайық" тақырыбында флеш моб өткізді. Оған Абылай хан колледжініӊ оқушылары қатысты. Орталық алаӊдағы лэд-экранда "Судағы қауіпсіздік ережесі" тақырыбында бейнеролик көрсетілді. Сондай-ақ облыстыӊ құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларынан көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шаралар қалалық демалыс паркінде және Қызылорданыӊ мәдени орталықтарында да жалғасын тапты,- деп хабарлайды Айгүл Нұрманова, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобыныӊ бас маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны