24.04.2018, 14:08 5756

Қызылорда қаласында "Татуласу орталығыныӊ" жұмысы түсіндірілді

Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар халыққа қызмет көрсететін нысандарға барып, қызмет түрлерімен танысты.

Қызылорда. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында "Татуласу орталығыныӊ" жұмысы түсіндірілді

Республикалық арнайы мониторингтік топ Қызылорда қаласында орналасқан бірқатар халыққа қызмет көрсететін нысандарға барып, қызмет түрлерімен танысты.

Топ құрамында мәжіліс депутаты Айгүл Соловьева, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ жасыл экономика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар комитетініӊ мүшесі Мұрат Абенов, "Expo&Women" халықаралық ұйымыныӊ директоры Салтанат Рахымбекова, қол өнер шебері, этнодизайнер Ырза Тұрсынзада, Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму бағдарламасы Халықаралық ұйымыныӊ қызметкері Архат Қанатбаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қоғаммен байланыс департаментініӊ директоры Арман Бердалин, Агенттіктіӊ Мемлекеттік көрсетілген қызметтер департаментініӊ директоры Мұрат Байсалов, Агенттіктіӊ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті директорыныӊ міндетін атқарушы Дидар Смағұлов бар.

2018 жылдыӊ 20 сәуір күні И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аталған жұмыс тобымен өткен кездесуде Қызылорда қаласында осы жылы республикада бірінші болып ашылуға жоспарланып отырған "Татуласу орталығыныӊ" жұмысымен Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ кеӊсе меӊгерушісі Қаракөз Сарсенбаева таныстырды.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасыныӊ бастамасымен Республикалық Кәсіподақтар федерациясы және Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірге өӊірлерде "Татуласу орталықтары" құрылады. Онда кәсіби медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылар және басқа да мамандар жұмыс істейді. Олардыӊ міндеті - келіссөз жүргізу, екі жаққа қолайлы, көӊілге қонымды шешім іздеу және ұсыну.

Татуласудыӊ басты артықшылығы - ол тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіреді. Тараптар өз еркімен, саналы түрде ортақ келісімге келеді. Медиаторды әрбір адам өзі таӊдаған соӊ жемқорлыққа да жол берілмейді.

Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаев Жоғарғы Сот Төрағасыныӊ халыққа оӊтайлы осы бастамасын қолдап, "Кәсіподақ үйінде" "Татуласу орталығына" кеӊ, жарық бөлмелерді бөлді. Қазіргі күні Президент әкімшілігінен келісім алынып, жөндеу жүргізу, жиһаз, оргтехника және т.б. жұмысқа қажетті заттарды алу жұмыстары жүргізіп жатыр.

Қаракөз Сарсенбаева мониторингтік топ мүшелеріне Орталықта қаӊдай даулар бойынша татуласу процедуралары жүргізілетіндігін, азаматтардыӊ уақыты мен қаражаты үнемделетіндігін, Орталықтыӊ жұмысынан қандай нәтижелер күтілетіндігін айтып өтті.

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны