13.05.2017, 17:52 4338

Қызылорда қаласында тұӊғыш рет жас мемлекеттік қызметшілердіӊ слеті ұйымдастырылды

Елімізде тұӊғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Қызылорда. 13 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласында кеше жас мемлекеттік қызметшілердіӊ слеті өтті. Елімізде тұӊғыш рет ұйымдастырылған шараға Жамбыл, Оӊтүстік Қазақстан, Ақтөбе, сонымен қатар, Қызылорда облысыныӊ мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Шараныӊ алғашқы күнінде слетке қатысушылар Қызылорда қаласындағы тарихи-мәдени орындармен танысты. Сонымен қатар, Қармақшы ауданындағы "Қорқыт Ата" мемориалды ескерткішіне саяхаттады.

Ал бүгін, 13 мамырда Қызылорда облысыныӊ әкімі Қырымбек Көшербаевтыӊ және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасыныӊ орынбасары Айгүл Шайымованыӊ қатысуымен "Дамыған 30 елдіӊ қатарына кіруде жастардыӊ ролі" атты форум өтеді. Форум барысында мемлекеттік қызметтегі өткір, өзекті мәселелер талқыланады. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер сауалдарын қойып, ұсыныстарын ортаға салады.

Слеттіӊ соӊғы күні Қызылорда қаласында шағын футбол, волейболдан сайыстар өтеді. Айта кетейік, слет аясында 5 шақырымдық "Адал жол" марафоны ұйымдастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны