15.06.2017, 14:08 3642

Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы мәселе қаралды

Бүгінгі таӊда қалаішілік 25 бағыттағы және қала маӊына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде, оныӊ ішінде үлкен сыйымдылықтағы - 160, орта сыйымдылықтағы 310 қоғамдық көлікті құрайды.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Қызылорда қаласында жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы" мәселе қаралды. Жиынға қала әкімініӊ орынбасары Асылбек Шәменов, "Қызылорда автобус паркі" ЖШС директоры Инуарбек Нақып, қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініӊ басшысы Талғат Құлмағанбет және облыстық көліктік бақылау инспекциясыныӊ бас маманы Марат Мамырбаев қатысып, күн тәртібіне ұсынылған мәселеніӊ мән-жайын баяндады.

Бүгінгі таӊда қалаішілік 25 бағыттағы және қала маӊына қатынайтын 6 бағытта, барлығы 870 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетуде, оныӊ ішінде үлкен сыйымдылықтағы - 160, орта сыйымдылықтағы 310 қоғамдық көлікті құрайды.

2013 жылдыӊ желтоқсан айынан бастап, осы мақсатта жарияланған арнайы конкурстыӊ жеӊімпазы ретінде қалаішілік және қала маӊындағы жолаушылар тасымалымен "Қызылорда автобус паркі" ЖШС айналысып келеді. Серіктестік бүгінде қала көлеміндегі қоғамдық көлікті бақылап және 450 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Яғни, осыған дейін қадағалаусыз келген жеке тасымалдаушыларды ретке келтіріп, жұмысты жүйелі жүргізуді серіктестік өз міндетіне алған.

Дегенмен, қала әкімініӊ орынбасары А.Шәменовтіӊ айтуынша, қазіргі таӊда жолаушылар төлейтін жолақы парк пен маршрутқа енгізілген жеке кәсіпкерлердіӊ жалғыз табыс көзі болып табылады. Одан басқа тасымалдаушылардыӊ өз бюджетін толықтыруға мүмкіндігі болмай отыр. Сондықтан "Қызылорда автобус паркі" ЖШС барлық бағыттарға толыққанды қызмет көрсете алмауына байланысты жеке тасымалдаушы кәсіпкерлермен келісім-шартқа отырған, қазіргі таӊда олар 75 пайызды құрап отыр.

Осы негізде, серіктестік тарапынан ҚР Көлік және комуникация министрініӊ 2011 жылғы 13 қазандағы №614 бұйрығымен бекітілген "Тұрақты маршруттар бойынша жолаушылар мен багажды тасымалдау жөнінде қызмет көрсетуге тарифтер есептеу әдістемесіне" сүйене отырып, жаӊаша есептемелерін ұсынды. Онда әлемдік нарықта жанар-жағармайдыӊ және қосалқы бөлшектердіӊ бағасы бірнеше есе қымбаттап отырғаны негізге алынған.

"Қызылорда автобус паркі" ЖШС берген мәліметке сүйенсек, қала көлемінде қызмет жасайтын көліктердіӊ 40 пайызы бензин отынын, 30 пайызы дизель отынын пайдаланады. Бұл орайда өткен жылмен салыстырғанда, АИ-92 маркалы бензинніӊ бағасы 14 пайызға (124-142), дизель отыны 38 пайызға (80-130), ал газ отыны 93 пайызға (30-58) артқан. Осыған байланысты автобус паркі қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен бірлесе есептілік негіздерін тексеруден өткізіп, орташаланған тарифті ересектерге 100 теӊге, балаларға 50 теӊге көлемінде ұсынып отыр.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері қаладағы қоғамдық көлік қызметініӊ сапасына байланысты бірнеше сауалдар қойып, күнделікті кездесетін кемшіліктер айтылды.

- Жолақысын көтеруге байланысты ұсынысымызды қалалық мәслихат қарайды. Ал халыққа қызмет көрсету сапасын көтеру бағытында өз тарапымыздан тұрақты жұмыстар жүргізілетін болады, - дейді серіктестік директоры.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны