26.06.2017, 08:39 2647

Қызылорда қаласыныӊ әкімдігі "Ұшқыр қалам - 2017" атты шара ұйымдастырып, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтады

Шарада республикалық "Қазақпарат" ақпарат агенттігініӊ облыстағы меншікті тілшісі Елубай Иуезов пен "Қызылорда-ньюс" интернет-газетініӊ бас редакторы Мұрат Жетпісбаевқа Қызылорда қаласыныӊ Құрмет грамотасы табыс етілді. Республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері де түрлі номинацияларға орай марапатқа ие болды.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласыныӊ әкімдігі Қорқыт ата атындағы ҚМУ-діӊ Студенттер сарайында "Ұшқыр қалам - 2017" атты шара ұйымдастырып, онда республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерін мерекелерімен құттықтады.

Кездесуде қала әкімініӊ міндетін атқарушы А.Шәменов мерекеге орай құттықтауын жеткізіп, қалам иелеріне деген құрметін танытты. Қала әкімініӊ орынбасары Ш. Байманов та журналистерге лебіз арнады.

Шарада республикалық "Қазақпарат" ақпарат агенттігініӊ облыстағы меншікті тілшісі Елубай Иуезов пен "Қызылорда-ньюс" интернет-газетініӊ бас редакторы Мұрат Жетпісбаевқа Қызылорда қаласыныӊ Құрмет грамотасы табыс етілді. Республикалық, жергілікті БАҚ өкілдері де түрлі номинацияларға орай марапатқа ие болды.

Республикалық "Егемен Қазақстан" газетініӊ меншікті тілшісі Ержан Байтілес, "Ақпарат кз" газетініӊ бас редакторы Б. Алпысбаева әріптестері атынан атқарушы биліктіӊ алғаусыз құрметіне алғыстарын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны