14.12.2018, 21:02 4581

Қызылорда мемлекеттік университетінде "Бүгінгі студент - ертеӊгі маман" атты конференция өтті

Конференцияныӊ мақсаты - жастардыӊ мемлекеттік қызметке деген көзқарастарын біліп, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Қызылорда. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ Студенттер сарайында жоғары оқу орындарыныӊ бітіруші студенттерініӊ қатысуымен "Бүгінгі студент - ертеӊгі маман" атты конференция өтті.

Студенттермен қатар, конференция жұмысына Мемлекеттік қызмет мектебініӊ тыӊдаушылары, жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, "Болашақ" бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітіріп, қазіргі таӊда түрлі салада қызмет атқарып жатқан мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Конференцияныӊ мақсаты - жастардыӊ мемлекеттік қызметке деген көзқарастарын біліп, қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Мұхимов Абзал Сансызбайұлы конференцияны ашып, мемлекеттік қызмет саласында жүргізіліп жатқан реформаларға тоқтады.

Конференция барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетініӊ оқу-тәрбие жұмыстар жөніндегі проректоры, физика-математика ғылымдарыныӊ докторы, профессор Бақытхан Ибдікәрімов, осы университеттіӊ 4 курс студенті Аида Мұхит, "Болашақ" бағдарламасыныӊ түлегі, Қызылорда облысы әкімі аппаратыныӊ ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімініӊ бас инспекторы Асылхан Сүйіндіков және жас мемлекеттік қызметші, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасыныӊ бас маманы Абылайхан Сабанбаев баяндама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ұйымдастырған шара барысында мемлекеттік қызметті насихаттау және болашақ жас мамандарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны