06.06.2017, 16:24 3975

Қызылорда мемлекеттік университетініӊ ректоры ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі болып сайланды

Ол жас ғалымдарды дайындауға әрдайым зор көӊіл бөледі. Бүгінге дейін 3 ғылым докторын, 7 ғылым кандидатын, 2 PhD докторын дайындады. Бүгінде бірнеше докторанттыӊ ғылыми жетекшісі. Оныӊ жетекшілігімен 40-тан астам кітап пен ғылыми жинақ басылып шықты.

Қызылорда. 6 маусым. Kazakhstan Today - Құрылғанына биыл 80 жыл толған Сыр өӊіріндегі білім мен ғылымныӊ орталығы - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті өз тарихында тағы бір асқаралы биік белесті бағындырды. Университет ректоры, техника ғылымдарыныӊ докторы, профессор, Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткері Қылышбай Бисенов 2017 жылғы 1 маусымда өткен ҚР Ұлттық ғылым академиясыныӊ жалпы жиналысында осы академияныӊ корреспондент-мүшесі болып сайланды, деп хабарлайды университеттіӊ баспасөз қызметінен.

Қ.Бисенов - отандық ғылымда техногенді және табиғи шикізат материалдарынан жаӊа құрылыс материалдары өндірісініӊ энергия ресурс үнемдегіш технологияларын зерттеу, жасау және жетілдіру жөнінде ғылыми мектеп қалыптастырған ғалым. Ұзақ жылғы ғылыми зерттеу нәтижесінде ашылған ғылыми жаӊалықтар өндіріске енгізіліп, 32 патент алынды. 11 монография, 3 оқулық, 19 оқу және әдістемелік құралы шығарылды. Сонымен қатар отандық және шетелдік беделді ғылыми басылымдарда 190-нан астам еӊбегі жарық көрді.

Ол жас ғалымдарды дайындауға әрдайым зор көӊіл бөледі. Бүгінге дейін 3 ғылым докторын, 7 ғылым кандидатын, 2 PhD докторын дайындады. Бүгінде бірнеше докторанттыӊ ғылыми жетекшісі. Оныӊ жетекшілігімен 40-тан астам кітап пен ғылыми жинақ басылып шықты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны