04.08.2017, 19:20 3957

Қызылорда облысы әкімініӊ қолдауымен Арал қаласында "Рәміздер" алаӊын салу және абаттандыруға 174,4 млн. тенге қаржы бөлінді

Қызылорда облысы әкімініӊ қолдауымен Арал қаласында "Рәміздер" алаӊын салу және абаттандыруға 174,4 млн. тенге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Қызылорда. 4 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімініӊ қолдауымен Арал қаласында "Рәміздер" алаӊын салу және абаттандыруға 174,4 млн. тенге қаржы бөлініп, қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы аудандық ішкі саясат бөлімі хабарлады.

Аудандағы абаттандыру, көркейту-көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 249,5 млн теӊге қаржы қаралды. Биыл 9,4 млн тенгеге ауған соғысы ардагерлерініӊ аллеясы жаӊғыртылып, орталық паркте орналасқан З. Шүкіровтіӊ ескерткіші қалалық мәдениет үйініӊ ауласына көшірілді. Қаладағы № 262 мектеп-гимназиясынан Д. Нұрпейісова көшесі аралығына жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Сондай-ақ, Қамыстыбас елді мекеніндегі демалыс орнына ауыз су тартылды.

Қаладағы С. Сейфуллин, Ийтеке би (АБ-6 274,0 мыӊ теӊге) көшелері бойындағы қорымдарды қоршау жұмыстары басталып, Арал қаласыныӊ У. Қосымов көшесі бойында орналасқан сағат құрылымын абаттандыру және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны