11.06.2008, 13:11 1620

Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қызылорда. 11 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше өткен аппараттық кеңесте облыс әкімі Болатбек Қуандықов өзінің жаңа орынбасары Сәбит Қожахметовты таныстырды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"С. Қожахметов Қызылордада 1967 жылы туған. Бугуруслан азаматтық авиацияның ұшқыштары училищесін, Киев азаматтық авиация индженерлері институтын, Мәскеу халықаралық бизнес және ақпараттық технологиялар университетін бітірген", -делінген хабарламада.

"Еңбек жолын 1984 жылы Қызылорда авиаотрядының пилотынан бастаған.

2000 - 2001 жылдары Сәбит Қожахметов "Қызылорда әуежайы" АҚ-ның президенті болды.

С. Қожахметов өнеркәсіп және құрылыс мәселелерін, соның ішінде Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жобасын жауаптанатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны