20.06.2017, 22:44 7975

Қызылорда облысы Арал ауданындағы Қамыстыбас демалыс аймағында бір гектар жер теліміне 75 миллион теӊге қаржы салып, кәсіп жасап жатқан жеке кәсіпкер бар

Ел ішінде "Қамбаш" аталып кеткен көлге келушілердіӊ қатары жыл сайын артып келеді.

Қызылорда. 20 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы Арал ауданына жасалған БАҚ өкілдері пресс-туры Қамыстыбас демалыс аймағында мәресіне жетті.

Ел ішінде "Қамбаш" аталып кеткен көлге келушілердіӊ қатары жыл сайын артып келеді. Тынығушыларға арналған шағын баспаналар да бой көтеріпті. Соныӊ бірі - жеке кәсіпкер А.Ибенованыӊ соӊғы үлгіде салынған үйлері. Ол бір гектар жер теліміне 75 миллион теӊге қаржы салып, кәсібін дөӊгелентуде Аталған демалыс аумағында заманауи үлгідегі волейбол, футбол, және теннис корды алаӊдары бар.

Шағын және орта бизнесті қолдау - бүгінгі күнніӊ басты талабы. Арал ауданында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарды ұтымды пайдаланып, кәсібін дөӊгелентіп отырған іскер жандар аз емес. Қос тәулікті қамтыған пресс-тур осыны көрсетті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны