26.06.2017, 08:52 2474

Қызылорда облысы аумағында 211 автобус маршруты ұйымдастырылды

Бүгінгі таӊда, Қызылорда облысы аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылды. Оныӊ 71 маршруты ауданаралық болса, 109 маршруты кент ішінде жүреді.

Қызылорда. 26 маусым. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда, Қызылорда облысы аумағында 212 елді мекенді аудан және облыс орталығымен байланыстыратын 211 автобус маршруты ұйымдастырылды. Оныӊ 71 маршруты ауданаралық болса, 109 маршруты кент ішінде жүреді. Отыз бір маршрут алаішілік және қаламаӊына қатынайды. Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы дерегінше облыс орталығынан Астана, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш қалаларына 7 облысаралық автобус маршруты ұйымдастырылған.

Осы маршруттарда барлығы 30-дан астам заӊды және жеке тұлға жолаушыларға әр түрлі сыйымдылықтағы 1407 автобуспен тасымалдау қызметін көрсетуде.

2017 жылдыӊ І тоқсаны бойынша болжаммен 75,8 млн. жолаушы тасымалданып, 2016 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 107,5% пайызға артып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны