12.07.2017, 15:52 3883

Қызылорда облысы аумағындағы жолдарда шамадан тыс жүк тиеген көліктер бақылауға алынуда

Инспекция өкілдерініӊ мәліметінше жазғы нормадан асып кеткен көлік иелерініӊ төлейтін айып сомасы 200 АЕК-тен басталады

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы аумағындағы жолдарда шамадан тыс жүк тиеген көліктер бақылауға алынып, талапты бұзғандар заӊдылыққа сәйкес айыппұл төлеуде. Облыстағы көліктік бақылау инспекциясы мамандары бұл аптапты күндері көліктердіӊ жол мен көшелердіӊ жабындарын бүлдірмеуі үшін жасалып жатқан шара екендігін айтады.

Инспекция өкілдерініӊ мәліметінше жазғы нормадан асып кеткен көлік иелерініӊ төлейтін айып сомасы 200 АЕК-тен басталады (жүк санына байланысты).

Осыған байланысты жергілікті кәсіпкерлер қымбат жүк көліктерін азайтуға тырысуда. Кейбірі техникаларын шалғай ауылдардағы құрылыс нысандарын салып жатқан компанияларға жалға беруге кіріскен. Еӊ бастысы, көлік қыруар қаржыға салынған көше мен жолдыӊ сапасына нұқсан келтірмеуі керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны