13.04.2017, 22:04 9706

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесінде "Қақпа алдында кездесу" іс-шарасы өткізілді

Оныӊ негізгі іс-шараларыныӊ бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасын енгізу болып табылады.

Қызылорда. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ЗК-169/5 мекемесінде "Қақпа алдында кездесу" іс-шарасы өткізілді,- деп хабарлайды ЕТО жөніндегі аға инспекторы Иділет майоры Р. Альтаева.

Қазақстан Республикасы Президентініӊ "Қазақстан Республикасындағы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оӊалтудыӊ 2017-2019 жылдарға арналған кешенді стратегиясын бекіту туралы" 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 387 Жарлығын қолдануды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ қаулысымен (2016 жылғы 29 желтоқсан № 912) Кешенді стратегияны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Оныӊ негізгі іс-шараларыныӊ бірі бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасын енгізу болып табылады.

"Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасыныӊ мақсаты:

Сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімдеу үшін жағдайлар жасау.Илеуметтік-психологиялық, тұрмыстық және жұмысқа орналастыру жөнінде көмектер көрсету, туыстық байланыстарын нығайту болып табылады.

Осыған орай, 13.04.2017 жылы жаза мерзімініӊ аяқталуына байланысты босатылған К. Жусуповтыӊ туыстары, Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ, Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасыныӊ жергілікті полиция қызметі және Қызылорда қалалық пробация қызметі, "Қызылорда облыстық тұтынушылардыӊ құқығын қорғау" қоғамдық бірлестігі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ өкілдері, "Арылу" қоғамдық қорыныӊ өкілдері шақырылып, "Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасы бойынша мекеме әкімшілігі шығарып салу іс-шарасы өткізілді.

"Қақпа алдында кездесу" аясында жаза мерзімініӊ аяталуына байланысты сотталғандардыӊ денсаулық жағдайы, білім деӊгейі, жұмыспен қамтылуын, тұрғылықты жерініӊ болуы, сондай-ақ оған көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмектіӊ көлемін анықтау үшін қажетті мәліметтер, жеке тұлғасын зерттеу жұмыстары жүргізілді.

"Қақпа алдында кездесу" әлеуметтік жобасына Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімініӊ, Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасыныӊ жергілікті полиция қызметі және Қызылорда қалалық пробация қызметі, "Қызылорда облыстық тұтынушылардыӊ құқығын қорғау" қоғамдық бірлестігі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оӊалту орталығыныӊ басшысы, "Арылу" қоғамдық қорыныӊ өкілдері жазасын өтеуші сотталғандарға кездесу барысында жаза өтеп босатылған адамдардыӊ босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация қызметіне профилактикалық тіркелу, қазіргі еӊбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары және Қазақстан Республикасыныӊ "Халықты еӊбекпен қамту туралы" Заӊына сәйкес мемлекеттік өкілеттік органдардыӊ делдалдығы арқылы азаматтардыӊ жұмыссыздықтан қорғалуына, жұмыс таӊдауына және жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге кепілдік беретіндігі, мемлекет тарапына берілетін әлеуметтік көмектер туралы, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасыныӊ жүзеге асырылуы, негізгі міндеттері, бағдарламаға кім қатыса алатыны, бағыттары және бағдарлама бойынша жұмыспен қамту орталықтарыныӊ міндеттері, жастар практикасы жөнінде сотталған азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Босатылушы сотталған К. Жусуповқа босатылғанннан кейінгі тұрмыстық және жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімініӊ мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді.

Сонымен қатар, босатылушы К. Жусуповпен оныӊ туыстары мекеме әкімшілігіне алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны