05.07.2017, 08:52 3599

Қызылорда облысы Қожабақы ауылында ісмер Ақзия мемлекеттіӊ көмегіне сүйенбей кәсіп қылуда

- Өзім Маӊғыстау өӊірініӊ тумасымын. Қожабақы ауылына келін болып түстім. Бұл жақта да үйде қарап отырмай, қолымнан келетін іспен шұғылдануды керек деп таптым. Көбіне түрлі ою-өрнектерді киізбен байланыстырып, әйел адамдарға сөмкелер, әмияндар, ұзатылатын қыздарға жасау, аттыӊ жабуларын, түрлі сыйлықтар жасаймын.

Қызылорда. 5 шілде. Kazakhstan Today - Кейде қаражатсыз кәсіп бастауды мүмкін еместей көретініміз рас. Сондықтан да ел ішінде жұмыс таппаған жандардыӊ аузынан "Қызмет жоқ. Кәсіп бастайық десек қаражат керек" деген әӊгімелерді көп естиміз. Осы тұрғыда ауыл-аймақтарда да ақшасыз, өзініӊ өнері арқылы кәсібін дөӊгелеткен жандар бар екен. Атап айтсақ, солардыӊ бірі қожабақылық Ақзия Жақашова.

Бала кезінен ісмерлікті жанына серік еткен оны киізден түрлі бұйымдар жасаудыӊ шебері десек болатындай. Қазірдіӊ өзінде Ақзияныӊ қолынан шыққан туындылар түрлі көрмелердіӊ көркі болып жүр.

- Өзім Маӊғыстау өӊірініӊ тумасымын. Қожабақы ауылына келін болып түстім. Бұл жақта да үйде қарап отырмай, қолымнан келетін іспен шұғылдануды керек деп таптым. Көбіне түрлі ою-өрнектерді киізбен байланыстырып, әйел адамдарға сөмкелер, әмияндар, ұзатылатын қыздарға жасау, аттыӊ жабуларын, түрлі сыйлықтар жасаймын.

Мәселен, бір аптада бір сөмке жасауға болады. Олардыӊ бағасы да мыӊ теӊге мен 6-7 мыӊға дейін жетеді. Бір сөмке сатсам одан түскен қаражатқа тағы да екі-үшеуін жасауға тырысамын. Алдағы уақытта кәсібімді кеӊейтсем деген жоспарым да жоқ емес. Жалпы, жұмысыма отбасым үнемі қолдау білдіріп отырады. Бұйырғанына қарай табыс табамын, - дейді жас ісмер.

Сондай-ақ, бір білгеніміз Ақзия гобелен мен кілем тоқуды да үйреншікті ісіне айналдырған. Сурет өнерініӊ де қыр-сырын тамаша меӊгерген.

Иә, мемлекеттіӊ көмегіне сүйенбей, өз ісін дөӊгелеткісі келетін ибалы келінніӊ мақсаты кім-кімді болмасын сүйсіндірмей қоймайтындығы рас. Біз де талантын талабына ұштастырған жанға "Талабыӊа нұр жаусын" деген тілек білдіреміз.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны