30.11.2017, 14:07 12728

Қызылорда облысы Шиелі ауданында "Мейірім әуені" атты концерт өткізілді

Қызылорда облыстық филармониясыныӊ ұйымдастыруымен "Туған жерге тағзым" акциясыныӊ аясында Шиелі ауданында "Мейірім әуені" атты концерт өткізілді.

Қызылорда. 30 қараша. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық филармониясыныӊ ұйымдастыруымен "Туған жерге тағзым" акциясыныӊ аясында Шиелі ауданында "Мейірім әуені" атты концерт өткізілді.

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласында ауыл - алтын тамыр екені айтылып, әрбір перзенттіӊ туған елін ұмытпауын, өскен өлкесін ұлықтауын атап көрсеткен болатын.

Осы қағиданы негіз еткен филармония өнерпаздары аймақ елдімекендерін аралап, халыққа рухани азық сылауда.

Бұл жолға концертте Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген әртісі Күлән Қалымбетова бастаған мәдениет маталмандары өнер көрсетіп, Шиелі тұрғындарына көтеріӊкі көӊіл-күй сыйлады.

Қазақтыӊ "Дала қызы" атты биін сахнаға алып шыққан "Томирис" би ансамблі шараны әрлей түсті. Сондай-ақ, "Тұран" триосы, Г.Бисекенова, И.Елубаева, А.Шағдатов, Г.Илиханова, Б.Найманов сынды әншілер мейірім әуенін шырқады. Жыраулар жырдан шашу шашып жұртшылықтыӊ ықыласына бөленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны