09.06.2017, 18:22 4533

Қызылорда облысы ТЖД: "Ережені ескерген еш опық жемейді"

Жаздыӊ күні балық аулайтындарға су айдындары қауіпті саналады. Балықшылардыӊ өздерініӊ жеке құтқарушы құралдары, құтқару кеудешесі немесе шеӊберлері болуы керек.

Қызылорда. 9 маусым. Kazakhstan Today - Осы ай басынан суға түсу маусымы ресми түрде басталды. Бірақ, соған дейін дарияға түсіп, өкінішке орай оныӊ құрбаны болып кеткендер аз емес. Маусымға дайындық барысында жағажайлардыӊ суға түсуге қолайлығы тексеріліп, содан кейін барып қана ашылуға дайындалады. Өзен асты сүӊгуіршілер көмегімен бақыланады. Суға түсуге болатын жағажайлардыӊ өзінде де түнгі мезгілде суға түсуге болмайды.

Жағажайда дәрігерлер мен құтқарушылар кезекшілікте тұрса да арнайы қалқымалармен суға түсуге болмайды. Бұдан бөлек мас күйінде суға түсетін адамдар да құтқарушыларды әбігерге түсіріп қоятыны бар. Биыл осындай бір оқиғаныӊ соӊы адам өлімімен аяқталды. Жағада спирттік ішімдіктер ішу тек қана өзіне ғана зиян әкелмейді, сонымен бірге қоршаған ортаға да залал келтіреді. Суға лақтырылған, сынған бөтелкелер судағы басқа да адамдардыӊ жарақаттануына немесе бақытсыз жағдайға ұшырауына әкеп соғады.

Жаздыӊ күні балық аулайтындарға су айдындары қауіпті саналады. Балықшылардыӊ өздерініӊ жеке құтқарушы құралдары, құтқару кеудешесі немесе шеӊберлері болуы керек.

Судағы демалыс - әсіресе жаздыӊ күндері демалыстыӊ еӊ бір керемет түрі. Балалар мен ересектер үшін катерде, қайықта серуендеу керемет ләззат әкеледі. Алайда, демалыс орны толмас қайғылы оқиғаға да душар етуі мүмкін. Судағы қауіпсіздік ережесі талаптары ескерілмегендіктен, қайғылы жағдай немесе адам өлімі орын алуы да әбден мүмкін екендігін естен шығармау керек. Қаза болғандардыӊ жетеуі - бұл судағы қауіпсіздік ережесін сақтамаған ересек адамдар болса, оныӊ үшеуі бала.

Бақытсыз жағдайлар көбінесе суға түсу қауіпсіздік ережесі талаптарын сақтамағандықтан болып жатады. Соӊғы жылдардағы оқиғаларға жасалған талдау суға кеткендердіӊ көпшілігі жүзуді білмегендіктен құрбан болғандығын көрсетті. Сонымен қатар жабдықталмаған су айдындарында шомылудан, құтқару құралдарын қолдану тәртібін бұзудан да біраз адам тұӊғиыққа жұтылған,- деп хабарлайды Айгүл Нұрманова, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны