15.06.2017, 14:09 3954

Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ кәсіби дайындық мектебініӊ базасында семинар өтті

Семинар барысында әр түрлі деӊгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметініӊ кәсіби дайындық мектебініӊ базасында Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғау полковнигі О.Бержановтыӊ төрағалығымен семинар өтті.

Семинарға кезекшілік қызметініӊ қызметкерлері, қала және аудан өрт сөндіру бөлімініӊ жетекшілері қатысты. Семинарда қызмет бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А.Омаров біліктілікті арттыруға арналған семинардыӊ маӊызы жайлы атап өтті.

Семинар барысында әр түрлі деӊгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Өрттерді сөндіру туралы баяндамаларды қала мен аудандық өрт сөндіру бөлімініӊ басшылары жасады, сондай-ақ слайд түрінде материалдар таныстырылды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны