30.06.2017, 16:01 9305

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық түлектерге диплом тапсырылды

Жалағаш индустриялық-аграрлық колледжініӊ 117 оқушысына "Жолыӊ болсын, жас маман" атты диплом тапсыру салтанатты кешін аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, барша бітіруші түлектерді бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, білікті маман иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Қызылорда. 30 маусым. Kazakhstan Today - Жалағаш индустриялық-аграрлық колледжініӊ 117 оқушысы білім нәрімен сусындаған оқу ордасынан қанат қақты. "Жолыӊ болсын, жас маман" атты диплом тапсыру салтанатты кешін аудан әкімініӊ орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, барша бітіруші түлектерді бүгінгі қуаныштарымен құттықтап, білікті маман иесі болуларына тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, кеш барысында ардагер ұстаз Г.Қаппарова, ата-ана Р.Сыздықова, колледж ұстазы С.Ақисаева және бітіруші түлек Ф.Төлек сөз алып, өз алғыстарын білдірді. Колледж директоры Ғ.Серікбаев 3 жыл бойы білім нәрімен сусындап, белгілі бір мамандық иелері атанған колледж оқушыларына диплом тапсырып, бірқатар озат түлектерді марапаттады.

Уақыт талабына сай білікті де, білімді маман әзірлейтін колледжді биылғы оқу жылында "Фермер шаруашылығы", "Дәнекерлеу ісі", "Электромонтер", "Үйлер мен ғимараттарды салу", "Аспаз" мамандықтары бойынша білім алған түлектер тәмамдап отыр.

Салтанатты кеште әсем әндер әуелете шырқалып, бишілер мыӊ бұрала би биледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны