17.08.2017, 16:47 4302

Қызылорда облысы Жаӊақорған аудандық прокуратурасыныӊ бастамасымен көшпелі сот отырысы өткізілді

Өкінішке орай, көп жағдайда қылмыстардыӊ орын алуына кәмелетке толмағандардыӊ ата-аналарыныӊ өзіне жүктелген міндеттерін тиісінше орындамауы және жауаптылықты сезінбеуі себеп болады, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Қызылорда. 17 тамыз. Kazakhstan Today - Ата-аналардыӊ өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті. Бала тәрбиелеушi ата-аналар оныӊ дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексініӊ 70-бабыныӊ 2-бөлігі).

Өкінішке орай, көп жағдайда қылмыстардыӊ орын алуына кәмелетке толмағандардыӊ ата-аналарыныӊ өзіне жүктелген міндеттерін тиісінше орындамауы және жауаптылықты сезінбеуі себеп болады, - деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Мысалы, жасы кәмелетке толмағандар адамдар тобыныӊ алдын ала сөз байласуымен түӊгі мезгілде бірнеше рет ұрлық қылмыстарын (ауыр қылмыстар да бар) жасаған, оныӊ ішінде тіпті ауыр қылмыстар да бар.

Аудандық прокуратураныӊ бастамасымен ата-аналардыӊ жауаптылықтарын арттыру және сезіну үшін жекелеген қылмыстық істерді (Г.Дүйсенова және А.Байменовке қатысты) аудандық "Ордакент" мәдениет үйінде көшпелі сот отырысында қарады.

Атап айтсақ, кәмелетке толмаған Б.Б, М.С, Б.И, А.Ж. адамдар тобыныӊ алдын-ала сөз байласуымен азамат А.Ш-ныӊ автокөлігінен 12 млн. теӊгені ұрлаған. Өз кезегінде, жәбірленуші ұрлық жасаған кәмелетке толмағандардыӊ бірініӊ жақын туысы.

Ирине бұл дерек аудан тұрғындары арасында қоғамдық пікір туғызды.

Жоғарыда көрсетілген қылмыстар бойынша сотталушы жасөспірімдердіӊ ата-аналарына қатысты қылмыстық кодекстіӊ 140-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, бүгінгі күні 6 ата-ана сот үкімімен кінәлі деп танылып, оларға 25 а.е.к. (56724 теӊге) айыппұл салынды.

Бұл сот процесіне 200-ге жуық адам, оныӊ ішінде ақсақалдар кеӊесініӊ және білім беру ұйымдарындағы ата-аналар қауымдастықтарыныӊ төрағалары (төрайымдары), мектеп басшылары, профилактикалық есептегі жасөспірімдер мен олардыӊ ата-аналары, жастар ресурстық орталығыныӊ және БАҚ-ныӊ өкілдері қатысты.

Өткізілген шара әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында кеӊінен таратылып, халық оӊды бағасын берді,- деп хабарлайды Ботакөз Сейіл, Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз хатшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны