31.07.2017, 19:34 7722

Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарына 833 азамат аттанды

Қызылорда облысы әкімдігініӊ 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 қаулысына сәйкес көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары тиісті деӊгейде ұйымдастырылды.

Қызылорда. 31 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысы әкімдігініӊ 2017 жылғы 17 наурыздағы №741 қаулысына сәйкес көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары тиісті деӊгейде ұйымдастырылды. Бұл туралы облыстық жұмылдыру басқармасыныӊ есебінен белгілі болды.

Сондай-ақ әскери қызметке шақыру маусымында шақырылушыларды үш мезгіл уақытылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету тиісті деӊгейде жүзеге асырылған. Сонымен қатар, облыстық жиын пунктінен Қызылорда теміржол вокзалына дейін құрамаларды шығарып салу үшін тасымалдайтын автокөліктіӊ қауіпсіздігі қоғамдық тәртіпті қадағалайтын жол-патрульдік полициясы бекіткен кестеге сәйкес қамтамасыз етілді.

Ардагерлер мен қоғам қайраткерлерініӊ қатысуымен 21 рет жастарды әскерге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылып, облыстан Қазақстан Республикасы Қорғаныс Күштеріне 833 азамат аттанды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны