12.07.2017, 15:50 3699

Қызылорда облысында 20 000 теӊге үшін такси жүргізушісін өлтірген қылмыскер сотталды

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 25 жастағы сотталушыға қатысты қылмыстық ісін қарап, айыптау үкімін жариялады.

Сотталушы Е. барлық ақшасын компьютер клубына жұмсап, ақшасы таусылған соӊ ақша табудыӊ жолын іздейді. Сөйтіп, ұялы телефон арқылы "Делюкс" такси фирмасына тапсырыс беріп, операторға жүргізушіде 20 000 теӊгеге қайтаратын ақша болуы керектігін ескертеді. Тапсырыс берген жерге такси келген соӊ, сотталушы артқы жолаушы орындығына отырып, өзініӊ сенімді жолаушы екенін көрсету мақсатында бірнеше жерге баратынын айтып, қаланы 3 сағат бойы айналып жүреді. Өзініӊ ойындағы қылмыстық пиғылын жүзеге асыру мақсатында жүргізушіге қараӊғы көшеге бұрылуын сұрап, көп ұзамай тоқтауын өтінеді. Аталған жерге келген соӊ, сотталушы такси жүргізушісініӊ желкесінен тапаншасымен екі мәрте атып, таксистіӊ қалтасынан 20 000 теӊге алып, мәйітін артқы орындыққа ауыстырып, көлікті өзі айдап кетеді. Тұрлығұлов көшесіне келген соӊ, бөтенніӊ мүлкін жою мақсатында, мәйіт жатқан көлікке өртеп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Қызылорда облысыныӊ қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныӊ үкімімен сотталушы Е. Қазақстан Республикасыныӊ Қылмыстық Кодексініӊ 99-бабыныӊ 2-бөлігініӊ 8-тармағымен (пайдакүнемдік ниетпен адам өлтіру), 192-бабыныӊ 2-бөлігініӊ 4-тармағымен (қаруды пайдалану арқылы жасалған қарақшылық), 202-бабыныӊ 2-бөлігініӊ 1-тармағымен (өрт қою арқылы бөтенніӊ мүлкін қасақана бүлдіру) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заӊды күшіне енген жоқ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны