24.10.2017, 17:38 5017

Қызылорда облысында "Икімшілік құқық бұзушылықтардыӊ бірыӊғай тізілімі" жүйесі іске қосылды

"Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облыстық прокуратурасы мен ҚСжАЕК-ніӊ басқармасы бірлесіп, Жаӊақорған ауданында "Икімшілік құқық бұзушылықтардыӊ бірыӊғай тізілімі" жүйесініӊ тұсаукесерін жасады.

Қызылорда. 24 қазан. Kazakhstan Today - "Сандық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қызылорда облыстық прокуратурасы мен ҚСжАЕК-ніӊ басқармасы бірлесіп, Жаӊақорған ауданында "Икімшілік құқық бұзушылықтардыӊ бірыӊғай тізілімі" жүйесініӊ тұсаукесерін жасады.

Бүгінгі күннен бастап, ауданныӊ жергілікті полиция қызметініӊ қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды планшет арқылы электронды түрде толтырмақ.

Пилоттық жобаға қатысушы қызметкерлерге электронды нұсқада бағдарламамен жұмыс жасаудыӊ жолдары көрсетіліп, оларға электрондық хаттамаларды толтыру үшін планшеттер мен принтерлердіӊ жиынтығы табысталды.

Жобаныӊ басты артықшылығы - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру рәсімдерініӊ 30 минуттан 5 минутқа дейін қысқаруы.

Енді, тұрғындарға айыппұлдардыӊ төленуі жайлы түбіртекті мемлекеттік органға табыстаудыӊ қажеттілігі жоқ. Себебі, электрондық құрылғылар арқылы онлайн режимінде енгізілген әрбір мәліметтер, деректер базасында автоматты түрде сақталатын болады, деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны